Қазақстандық спортшы тұңғыш рет үстел теннисінен әлем чемпионы атанды
Сурет: kazspots.kz
Қарағандылық Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Тунисте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сында мысырлық Хана Годамен бірлесіп, финалда Тьяго Абиодана мен Марии Берзосты (Португалия/Испания) ұтты. Есеп: 3:0.
Айта кетейік, Алан мен Хана жартылай финалдағы тартысты ойында жапониялық – Такуми Танимото мен Рин Мендені жеңді. Есеп: 3-2.
Алан – үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық. Аланның бапкері – Эльмира Əлиева, Хананікі – Исмаил Хишам.
Жастар арасындағы әлем чемпионаты 11 желтоқсанда аяқталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript