Криштиану Роналдудың көзіне жас алатын жөні бар – БАҚ
Ойынның аяқталғанын білдіретін ысқырықтан кейін футболшы көңілі түскен күйінде алаңнан кетті, тіпті әдеттегідей жанкүйерлеріне жақындап бармады, командаластарына да қайырылып қарамады.
Айта кетсек, Роналду бірінші таймда резервте болды, ал бұл кезде оның қарсыластары бір гол салып үлгерді. Ол тек екінші таймда алаңға шықты. Бірақ ол командасын тығырықтан құтқара алмады. Мұнысына Роналду қатты қапаланды. Марокко қорғаныста "жатып" алып, осы қырынан мықты екенін тағы да дәлелдеді.
Турнирдің ширек финалында португалдықтар осылайша Мароккодан 0-1 есебімен ұтылып, турнирден "ұшып" кетті.
Журналист және статистик Дункан Александр өзінің Twitter-дегі парақшасында Криштиану Роналдудың көзіне жас алатын жөні бар деп жазды:
37 жастағы Роналдудың бұл - бесінші чемпионаты. Ол әр мундиалда гол соғып, ерекше көзге түскен, әр кез рекорд орнатқан мықты ойыншы, бес әлем чемпионатының 22 ойынында ол сегіз гол соққан.
Айта кетсек, Марокко құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалында Франциямен өзара бақ сынайды. Тағы бір жартылай финалдық матчта Хорватия мен Аргентина құрамалары кездеседі. Қатардағы әлем чемпионатының финалы 18 желтоқсанда "Лусаил Иконик" стадионында өтеді.