Конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде Надежда Морозова күміс медаль иеленді
Сурет: Instagram/drs_kz
Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Надежда Морозова Канаданың Калгари қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде екінші орын еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы мәре сызығын 1:52.823 уақытта кесіп өтіп, 1500 метр қашықтықта күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Надежда Морозова "алтын" иеленген жапондық спортшы Михо Такагиден (1:52.549) кейін екінші болып мәреге жетті.
Үшінші орын 1:52.934 нәтижесін тіркеген голландиялық спортшы Антуанетта Де Йонгқа бұйырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript