Франция құрамасы Марокконы 2-0 есебімен ұтып, финалға шықты
Гол авторы - Франция құрамасының қорғаушысы Тео Эрнандес. Ол акробатикалық секіріс жасап, допты Яссин Бононың қақпасына дөп соқты. Осылайша, Тео Эрнандес осы турнирде Марокко қақпасына доп салған алғашқы қарсылас футболшы атанды.
Айта кетсек, бұған дейін Африка командасы әлем чемпионатында өз қақпасына тек бір допты жіберіп алған болатын, онда да Марокко құрамасының қорғаушысы Наиф Агерді қара басып, автогол орындалған. Бұл жайт Канада құрамасымен болған топтық кезеңдегі ойын барысында орын алды (2:1).
Ойынның 80-ші минутында Франция құрамасы футболшылары бір деммен қақпаға лап қойды. Килиан Мбаппе бірнеше қарсылас футболшыны алдап соғып, қақпаға жақындап келіп Коло Муаниге пас берді. Ал ол алған допты сәтті жүзеге асыра алды. Есеп: 2-0.
Негізгі уақытта да қосымша берілген 6 минутта да, қанша тырысқанымен марокколықтар, жағдайды өзгерте алмады.
Осылайша Франция құрамасы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына шықты. Енді олар 17 желтоқсанда мундиалдың бас жүлдесін Аргентинамен өзара сарапқа салатын болады.