Елена Рыбакина Дубайдағы турнирдің екінші матчында жеңіске жетті
Сурет: olympic.kz
Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина 22 желтоқсанда Дубайдағы World Tennis League (WTL) турнирінде екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елена Рыбакина неміс өкілі Александр Зверевпен жұптасты. Екеуі канадалық Оже-Альяссим мен үндістандық Саня Мирзаны жеңді. Есеп — 7:5, 3:6, 10:5.
Саня Мирза бастапқыда осы матчта ойнауы керек канадалық Эжени Бушарды алмастырды.
Енді Елена Рыбакина 23 желтоқсанда дүниежүзінің төртінші ракеткесы Каролин Гарсияға қарсы матч өткізеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript