Рыбакина әлемдік теннис лигасының финалында ойнайды
Сурет: Instagram/lenarybakina
Қазақстандық Елена Рыбакина Дубайдағы World Tennis League көрме турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Топтық кезеңнің соңғы матчында Елена Рыбакинаның командаластары Eagles командасын 40:24 есебімен жеңді.
Бианка Андрееску / Ник Кириос – (Eagles) - Анастасия Павлюченкова / Доминик Тим (Hawks) – 6:4, 4:6, 10:7.
Каролин Гарсия – (Eagles) - Елена Рыбакина (Hawks) – 5:7, 1:6.
Андреас Сеппи (Eagles) – Александр Зверев (Hawks) – 4:6, 2:6.
Енді осы жарыстың 24 желтоқсандағы финалында Kites ұжымымен ойнайды, бұл құрамда Феликс Оже-Альяссим, Ига Швентек, Хольгер Руне, Саня Мирза және Эжени Бушар бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript