Жаңалықтар тізбегі
0

Футболдан Аргентина-Франция матчына қазылық еткен төреші қателік жібергенін мойындады

Футболдан ӘЧ-2022, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2022 09:13 Сурет: pixabay
Төреші Шимон Марциняк футболдан әлем чемпионаты финалының басты ойынында қателік жібергенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марциняктың сөзін Sport.pl порталына сілтеме жасай отырып, Championat.com алға тартты.

"Финалда менің тарапымнан қате кетті. Маркос Акуньяның сәтсіз соққысынан кейін қарсы қақпаға лап қойған француздардың шабуылын кілт тоқтаттым. Ойынды бұзған футболшы бұл эпизодқа да кірігеді деп қорықтым, тағы бір жағынан жағдайды дұрыс бағаламадым, өйткені ештеңе болған жоқ, сондықтан француздарға артықшылық беріп, содан кейін ғана ойыншыға картаны көрсетуге болар еді. Әрине, ауыр жағдай. Осындай маңызды кездесуде осылай мен қателік жіберемін. Бірақ, ең бастысы, кездесу барысында аса үлкен қателіктерге жол берілген жоқ", - дейді футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты финалындағы ойынға бас төреші болған Марциняк.


Әлем чемпионатының алтын медалы үшін таласты додада Аргентина Франция құрамасын негізгі уақыттан кейінгі пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңіп кетті (негізгі уақытта - 3:3).

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: