Криштиану Роналдудың жаңа келісімшартына қатысты тың мәліметтер белгілі болды
Сурет: Instagram/Cristiano Ronaldo
Форвард Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубымен жасасқан жаңа келісімшартына қатысты тың деректер белгілі болды. Оны атақты итальяндық инсайдер Фабрицио Романо жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дереккөздің хабарлауынша, Роналдуға Сауд Арабиясындағы бір маусымдағы өнері үшін 200 миллион евро төленеді, оның 90 миллионы португалдықтың кепіл берілген жалақысына жатады, ал қалған сома жарнамадан түсетін кірісті құрайды. Коммерциялық аударымдар қазірдің өзінде атақты футболшының өкілдерімен өзара келісіліп қойған, деп хабарлайды championat.com.
37 жастағы Роналду Әл-Наср клубымен 2,5 жылға келісімшартқа отырды. Футболшы жетінші нөмірде өнер көрсететін болады. Португалдық 2022/2023 маусымын Манчестер Юнайтедтен бастаған болатын, бірақ кейінк ағылшын клубы футболшының Пирс Морганға берген резонансты сұқбатынан кейін Роналдумен арадағы келісімшартты бұзды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript