Универсиада-2023: Вадим Куралес Қазақстанға алғашқы "алтынды" сыйлады
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың чемпионы атанды. Ол 15 шақырым қашықтықтағы жекелей сында мәреге бірінші болып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вадим Куралес жарыс жолына 16-ыншы болып шығып, нысана көздеуден бір ғана рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37.4 минут нәтиже көрсетті.
Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг қазақстандықтан 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орынға алды. Франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үздік үштікті түйіндеді. Бұл туралы prosports.kz хабарлады.
Сонымен бірге Қазақстаннан Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбеков осы қашықтықта сынға түскен, бірақ олар жүлдеге іліге алмады.
Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде – алтын медаль түсті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript