Қазақстандық биатлоншы Универсиадада төртінші орын алды
Cурет: olympic.kz
АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік қысқы Универсиадада биатлоннан әйелдер арасында 12,5 шақырымға жекелей жарыс өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Prosports.kz-тің хабарлауынша, бұл дисциплинада 42:52,9 есебімен канадалық Шило Руссо жеңіске жетсе, күміс жүлде польшалық Барбара Скробишевскаға иеленді. Қола жүлдені чехиялық Тереза Джандоваға қоржынға салды.
Төртінші орынды қазақстандық биатлоншы Полина Егорова иеленді, ол Яндовадан бір минуттан астам уақытқа кеш жетті.
Бағдарламаның бұл түріне Қазақстанның тағы бес өкілі Кристина Титиевская (12), Арина Крюкова (14), Надежда Пивоварова (22), Арина Скрипкина (32), Ксения Долгополова (35) қатысты.
Еске салайық, қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес Қысқы универсиаданың чемпионы атанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript