Александр Бублик Монпелье турнирінде жеңілді
Александр Бублик. Cурет: Instagram/bublik
Қазақстанның бірінші, әлемнің 50-ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 75-орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен ойнады.
Бірінші партияны корт иесі брейкпен аяқтады – 6:4.
Екінші сетте аса тартысты тай-брейкте Александр Бублик Грегуар Баррердің матчты аяқтауына мүмкіндік бермеді – 7:6 (14:12).
Үшінші, шешуші сетте есеп 3:2 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 4:2. Алайда ізінше қателікке бой алдырып, өз геймін беріп қойды. Ақыры тай-брейкте қарсыласы жеңіске жетті – 7:6 (7:3).
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript