Шымкенттік оқушы Канадада хоккейден өткен ірі турнирде үздік бомбардир атанды
Қазақстан құрамасының негізін Алматы клубтарының жас хоккейшілері құрады. Турнирге Шымкент қаласының "Тұран" балалар хоккей командасынан екі ойыншы – қорғаушы Айсұлтан Майсақан және шабуылшы Александр Ким қатысты, деп хабарлайды OTYRAR.
Сергей Шавернев бастаған команда 7 ақпанда Канадаға ұшып кеткен, ал турнир 10 ақпанда басталды. 13 ақпанда хоккейден Қазақстан құрамасы үшін өткен матчта Алексей Ким 3 шайба соқты. Онда да хоккейдің майталманы - Канада құрамасының қақпасына.
Сол күні бастапқы кездесуде қазақстандық құрама канадалық haute-Beauce Lynx командасын 9:2 есебімен жеңіп кетті.
Сурет: otyrar.kz
Алексей Ким - Шымкенттегі мұз сарайында Жанат Берікұлы Байдеудегі "Тұран" хоккей командасы сапында жаттығады. "Тұран" командасы - жыл сайынғы ҚР чемпионаттарының, Бішкек, Ташкенттегі халықаралық турнирлердің қатысушысы және жүлдегері. Александр Ким - "Тұран-2010" командасының капитаны.
Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament беделді халықаралық турнирі 11-12 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы клубтық командалар арасындағы әлем чемпионаты болып саналады.
Жарысқа әлемнің 28 елінен келген хоккейшілер қатысып, Қазақстан құрамасы турнир чемпионы атанды.