Жалғас Жұмағұловты жеңіп кеткен UFC спортшысы өзінің бисексуал екенін мәлімдеді
Сурет: ufc.com
Америкалық аралас жекпе-жек шебері (MMA), жеңіл салмақтағы абсолютті жекпе-жек чемпионы Джефф Молина өзінің бисексуал екенін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 жастағы спортшы әлеуметтік желіге өзіне қатысты ыңғайсыз видео тарап кеткеннен кейін каминг-аут жасауға мәжбүр болды.
"Ол ЛГБТ қауымдастығына қатысы бары үшін емес, өзінің таланты мен спорттағы жетістіктері арқылы елге танымал болғысы келетінін айтты. Молина есебінде 11 жеңіс және екі жеңіліс бар. Соңғы жекпе-жегінде ол Қазақстан өкілі Жалғас Жұмағұловты жеңіп кеткен еді", деп хабарлайды Sports.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript