Рыбакинаның жеңісі Қазақстан құрамасына командалық әлем чемпионаты финалына шығуға мүмкіндік берді
Бүгінгі алғашқы кездесуде қазақстандық теннисші әлемнің 19-ракеткасы Магда Линетпен ойнады.
Кеше Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шыққандықтан, командалық әлем чемпионатына жолдама алу үшін бір ғана жеңіс жеткілікті еді.
Елена Рыбакина польшалық теннисшіні 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Осылайша, Қазақстан Польшамен матчта 3:0 есебімен алға шығып, әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды. Бүгінге жоспарланған қалған екі кездесу ойналса да, ештеңені шешпейді.
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Матчтан соң Елена Рыбакина барлық жанкүйері мен командасына алғыс айтты.
Еске салайық, кеше, 14 сәуірде қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина алғашқы екі ойында жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасына алғашқы екі ұпай сыйлады.