Берлиндегі WTA турнирінде Елена Рыбакина жеңіліске ұшырады
Сурет: ktf.kz
1/8 финалда әлемнің үшінші ракеткасы және Қазақстанның үздігі Елена Рыбакина хорват теннисшісі Донна Векичтен жеңіліп қалды (№23). Есеп - 7:6, 3:6, 4:6, хабарлайды Zakon.kz.
Матч 2 сағат 16 минутқа созылды.
Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің ортаң белінде ауруына байланысты ойынын кілт тоқтатқан болатын. Берлиндегі осы жарыс - одан кейінгі алғашқысы.
Маусым айының басында Елена Рыбакина вирустық инфекция жұқтырып алып, соның салдарынан Ролан Гаррос-2023 турнирінің үшінші айналымында ойынды өз еркімен тоқтатуға мәжбүр болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript