Стендтік атудан ӘЧ-2023: Қазақстан спортшысы алтын медаль еншіледі
Сурет: Instagram/drs_kz
Әзірбайжанда өтіп жатқан стендтік атудан 53-ші әлем чемпионатында 28 тамызда Қазақстан құрамасы өз қоржынын екі медальмен толықтырды. Олардың бірі - алтын медаль Александра Сәдуақасоваға бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 27 тамызда әйелдер арасында 10 метрден жылжымалы нысана көздеу бойынша финалға екі отандасымыз - Зухра Ирназарова мен Александра Садуақасова шығып, бас жүлдені сарапқа салды.
Алдында финалда ұлттық құрамадағы әріптесінен ұтылған Александра Сәдуақасова бұл жолы реванш жасап, 2023 жылғы әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Ал Зухра Ирназарова 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Осылайша, қазір Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және бір қола медальмен жалпы есепте 9-орынға көтерілді.
Айта кетсек, Бакудегі жарыс 1 қыркүйекте аяқталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript