Қазақстан Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатында екі медаль жеңіп алды
Сурет: ҚР ТЖМ
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша халықаралық әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ерлер арасында күміс және әйелдер арасында қола жүлдегер атанды.
5 қыркүйекте Түркияның Ыстамбұлында Бурхан Фелек орталық стадионында мотопомпадан ұрыс шығару түріндегі өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионатының және әйелдер арасындағы IX әлем чемпионатының соңғы төртінші жарыс күні өтті.
- 14 ерлер құрама командасының арасында Қазақстанның ерлер құрамасы 28,56 секунд көрсеткішпен екінші орынды иеленді.
- 9 әйелдер құрамасы арасында Қазақстанның әйелдер құрамасы 28,34 секунд көрсеткішпен екінші орын алды.
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVIII әлем чемпионатының 14 ерлер құрама командасы арасындағы жарыстардың қорытындысы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы жалпыкомандалық жүлделі ІІ орынды иеленді.
9 әйелдер құрамасы арасында Қазақстанның әйелдер құрамасы үшінші орынды иеленді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript