Жаңалықтар тізбегі
0

"Ұлы жібек жолы" турнирі: бүгін шаршы алаңға Қазақстан атынан үш боксшы шығады

Бокс, Ұлы Жібек жолы турнирі, Баку, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2024 15:52 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы жібек жолы" халықаралық бәсекесі өз жалғастығын табуда. Турнирдің бүгінгі екінші күні - 25 наурызда шаршы алаңға Қазақстан атынан үш боксшы шығады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін шаршы алаңға шығатын Қазақстан боксшылары:

  • Сағат: 16:30. 60 келі салмақ. Ширек финал.  Талғат Сырымбетов - Марк Адоль Балох (Венгрия).
  • Сағат 18:15. 71 келі салмақ. Ширек финал. Дархан Дүйсебай - Наби Искандаров (Әзірбайжан).
  • Сағат 20:00. 86 келі салмақта. Ширек финал. Бекзат Таңатар - Самандар Джалолов (Өзбекстан).

Айта кетсек, жарыстың алғашқы күні екі жерлесіміз жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Қазақстан атынан алғашқы болып шаршы алаңға шыққан 48 келідегі Теміртас Жүсіпов турнир қожайыны Турал Сариевті жеңді. Ал Сағындық Тоғамбай 92 келі салмақ дәрежесінде әзірбайжандық Фуад Джафаровты техникалық нокаутпен жеңді. Джафаровты ауыр нокауттан төрешінің араласуы ғана сақтап қалды. Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы сапындағы Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жарыс жолын ерте аяқтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: