"Астана" велошабандозы Кантер "Түркия турының" екінші кезеңінің жеңімпазы атанды
22 сәуірде шабандоздар Кемер және Каш қалалары аралығын қамтитын 190,6 шақырымдағы Түркия турының екінші кезеңіне барын сарын салды. Бұл кезеңнің жеңімпазы мәре сызығын бірінші болып қиған 26 жастағы неміс спортшысы Макс Кантер болды. "Астана" шабандозы велоспорттың мықты тұлғаларына шаң қаптырмай кетті, олардың арасында басқа екі жүлдегер бар: Анри Улиг (Германия) және Тобиас Лунд Андресен (Дания).
Мәре сызығын төртінші болып кескен "Астананың" тағы бір өкілі – итальяндық Давид Баллериниге жүлдегерлер тізіміне енуіне кішкентай ғана уақыт жетпей қалды.
"Түркия туры-2024" 28 сәуірде аяқталады және біздің шабандоздардың жеңіс тұғырына көтерілу мүмкіндігі әлі де бар. Жоғарыда аталған екі спортшыдан басқа Түркияға "Астананың" тағы бес кәсіпқойы келді: Марк Кавендиш (Англия), Хенок Мулуберхан (Эритрея), Родигер Селиг (Германия), Вадим Пронский және Николя Винокуров (екеуі де Қазақстаннан).