Усиктің проумоутері боксшының жағының сынғанын жоққа шығарды
Сурет: Instagram/usykaa
Бұған дейін БАҚ алдына шыққан британдық Тайсон Фьюри жағы сынған украиналық боксшы Александр Усикті көмекшілері шұғыл түрде ауруханаға алып кеткенін мәлімдеген. Спортшының промоутері Александр Красюк бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін жекпе-жектен кейінгі БАҚ-пен кездесуге спортшы кешігіп шыққан болатын.
"Жақ сүйегіне тексеру жүргізу керек болды. Ештеңе анықталмады, бірақ процедураны орындау керек болды. Бұл арада жақтың сынуы туралы сөз болып отырған жоқ. Егер МРТ жасамаған болсақ, қалай нақты айтуға болады? Ескі жарақаттарына қатысты қаралды", - деді Красюк.
Айта кетсек, украиналық боксшы ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы атағын жеңіп алды. Ол британдық боксшы Фьюриді тоғызыншы раундта нокдаунға жіберді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript