Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын ерлер құрамасының тізімі жарияланды
Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
27 тамызда Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтетін бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі жарысқа қатысатын ерлер құрамасының тізімін жариялады.
Құрлық додасында төмендегі боксшылар ел намысын қорғайды:
- 33 келі. Әли Әбдікамал
- 35 келі. Абылай Досымбеков
- 37 келі. Аслан Қайранбай
- 40 келі. Бекжан Оразбай
- 43 келі. Жұмағали Нұрмахан
- 46 келі. Эмир Мұхит
- 49 келі. Адият Маржықпаев
- 52 келі. Нұрислам Онғалбек
- 55 келі. Әбдімансұр Жақсылық
- 58 келі. Мейіржан Жүніс
- 61 келі. Алимран Алиев
- 64 келі. Төрехан Қанатбай
- 67 келі. Нұрасыл Оразалы
- 70 келі. Мансұр Амантай
- +70 келі. Жәдігер Мүсірәли
Аға бапкер: Жақсылық Молдаханов
Бұған дейін Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі жарысқа қатысатын қыздар құрамасының тізімін жариялаған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript