Түркістан облысында субсидия жымқырғандар сотталды
Әлеуметтік төлемдерді, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік субсидияларды және өзге де бюджет қаражатын жымқыруға қарсы іс-қимыл мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазына» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы атап өткендей, бюджеттен әрбір теңге мақсаты бойынша жұмсалуы тиіс.
Агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері "Қазына" жедел алдын алу шарасы аясында «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты жымқыру дерегінің жолын кесті.
Е.Күзенбаев пен Р.Пайсханов «Балабоген-7» ЖШС атынан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан асыл тұқымды мал сатып алуға 380 миллион теңге несие қаражатын алған. Корпорацияға бұл қаражатты Ресей Федерациясынан ІҚМ сатып алуға «Меркит» ЖШҚ шотына аудару туралы жалған құжаттар ұсынылды. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Бұдан әрі, несие шартының бір бөлігін жабу үшін Түркістан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасынан 131 миллион теңгеден астам сомаға мемлекеттік субсидиялар алынды.
Бұл ретте, 585 бас ІҚМ нақты сатып алынған жоқ, жануарларды есепке алу дерекқорына жалған мәліметтер енгізілді. Нәтижесінде 250 миллион теңге жымқырылған және мақсатқа сай пайдаланылмаған. ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Р.Пайсханов 6 жылға, Е.Күзенбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды.