Бұл – контрабанда. Мемлекет басшысы кеден саласындағы парақорлықты сынға алды
Сурет: pixabay
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңды түбегейлі жаңарту мәселесін қарастыруды Үкіметке тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz
Президенттің сөзінше, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту қажет. Ол салық және кеден саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне арнайы тоқталды.
Мысалы, Қытаймен өзара сауда-саттық туралы екі елдің статистикалық мәліметтері екі түрлі. Олардың арасында миллиардтаған доллар айырмашылық бар. Былтыр бұл көрсеткіш 5,7 миллиард долларға жетті. Мұндай үлкен айырмашылық қалай пайда болғанын ешкім түсіндіріп бере алмайды. Ашығын айтқанда, бұл – контрабанда. Мемлекет басшысы
Келеңсіздіктің бар екенін кәсіпкерлер де растап отыр. Сауалнамаға сәйкес, шетелмен сауда жасайтын адамдардың 90%-ы жемқорлықпен бетпе-бет келген. Оның ішінде 45%-ы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысындағы 3 көліктік бақылау бекетін жемқорлық әбден жайлағанын анықтады. Елімізде мұндай 49 бекет бар. Кеден және көліктік бақылау саласындағы парақорлық транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр.Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша оқи отырыңыз: Басшылардың жұмысын жемқорлықпен күрес көрсеткішімен бағалаймын – мемлекет басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript