Бір айда жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен 77 қазақстандық ұсталды
Finprom.kz-тің зерттеуінше, 2021 жылдың осы кезеңінде осындай 214 құқық бұзушылық тіркелген.
Мамандардың айтуынша, қаңтар айындағы мұндай құқық бұзушылық саны төрт жыл қатарынан азайып келеді.
Өңірлік тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың көбі Алматыда тіркелді: 23 жағдай. Бір жылда 27,8%-ға өскен.
Сонымен қатар Нұр-Сұлтан (21 құқық бұзушылық, жылына минус 19,2%) және Түркістан облысы (18 құқық бұзушылық, екі есе өсім) жетекші өңірлер қатарына енді.
Зерттеушілердің мәліметінше, мұндай құқық бұзушылықтар ең аз Қызылорда және Атырау облыстарында тіркелген. Әр облыста үш оқиғадан.
Барлық сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың 32,5%-ы пара алудан тұрады: 55 іс, жылына минус 12,7%.
Пара берудің ең «танымал» түрлері – (48 іс, жылына минус 32,4%), қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану (18 іс, плюс 63,6%), бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе жымқыру (13 іс, минус 45,8%) және билікті немесе өкілеттікті асыра пайдалану (13 жағдай, минус 7,1%).
2022 жылдың қаңтарында сыбайлас жемқорлықпен 77 адам ұсталды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,3%-ға көп.
Сыбайлас жемқорлық қатысты құқық бұзушылықтарға көбіне әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (7 адам), ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері (әр басқармада екі адамнан) барған.