Түркістанда шенеунік ұсталды
Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасы пара алды деген күдікке ілінді. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Шымкент қаласы бойынша cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің лауазымды тұлғасына қатысты делдалдар арқылы жүйелі негізде медициналық қызметке лицензия бергені үшін жеке медициналық орталықтардың өкілдерінен 800 мың теңге сомасында пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Ведомство күдіктілер ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталғанын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript