Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды
Кадрлық өзгеріс ҚР Президентінің жанындағы Құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссиясының ұсынымына сәйкес жүзеге асырылғаны атап өтіледі.
Сонымен:
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі- Агенттік) Превенция қызметінің басшысы - Мұрат Жамбылұлы Ахметов
Агенттіктің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы - Мұрат Секешұлы Қарымсақов
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы - Асхат Оразханұлы Оразхан
Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы - Мұрат Ахтанұлы Төлеубаев
Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы - Досанов Ерлан Азаматұлы
Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы - Денис Владимирович Шакенов
Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - Болат Нұрғазыұлы Жилқибаев
Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Хасымханұлы Әшірбаев тағайындалды.
Сонымен қатар, агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы болып Урумханов Мұрат Жәлелұлы тағайындалды.