Павлодар қалалық ПБ Көші-қон қызметі бөлімі бастығының орынбасары үш жылға сотталды
Сурет: Zakon.kz
Өзбекстан азаматынан пара алғаны үшін полиция капитаны үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, Павлодар облысында 26 сәуірде Павлодар қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімі бастығының орынбасары - полиция капитаны Әубәкіров үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол көші-қон режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартпас үшін Өзбекстан Республикасының азаматынан пара алды деп айыпталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript