Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда қанттың бір келісі 1300 теңгеден сатылған – «Антикор»

Баға өсімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2022 21:45 Сурет: Zakon.kz
Ең қымбат қант - Қарағандыда, бір келісі -1300 теңге тұрады. Ал кей дүкендерде мүлдем қант жоқ.  Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қадағалаушы органға тұрғындар қант  таппай жүргендерін айтып шағымданып жатқан көрінеді. Жемқорлыққа қарсы іс- қимыл департаменті сауда нүктелері мен жергілікті дүкендерді тексеруге кірісті, делінген Astana.tv сюжетінде.

Бағаларға мониторинг жасаймыз, қоғамдық тамақтану орындары дүкендер қантты негізсіз қымбаттатып жіберді. Бағасы көрсетілген, бірақ қант жоқ сөрелер тұр. Тіпті 900 ден 1300 теңгеге дейін көтерілген. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, "Сарыарқа - адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Малика Күсенбаева
Облысқа ай басынан бастап 400 тонна қант өнімі келген болатын және коммерциялық қоймаларда 334 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де СПК стабилизациялық қорында 465 тоннадан астам қант өнімі бар. Және де тауарлық интервенция жүргізілуде. Қарағанды облысы Кәсіпкерлік басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Жұлдыз Құсайын

Қарағанды вокзалының маңындағы жұрт ең көп келетін әлеуметтік павильонның сатушылары күніне сегіз қап қант сататындарын айтады. Супермаркеттер желісінің көбінде шекер біткен. Ал кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, өнім  өңірде жеткілікті.  "Жоқшылықты кәсіпкерлер қолдан жасап отыр", - дейді.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: