Алматыдағы «Вагонсервистің» басшысы 200 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Сурет: Zakon.kz
Алматы көлік прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Вагонсервис" АҚ Алматы филиалының басшысын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында аталған ұйым басшысы жабдықтау бөлімінің бастығымен алдын ала сөз байласа отырып, бірқатар кәсіпкерді алдап, шатастырып, олардан "Вагонсервис" АҚ-ға ("Самұрық - Қазынаның" үлесі - 100%) тиесілі есептен шығарылған вагондар тасымалы үшін үлкен сома алғаны анықталды, - деп хабарлайды агенттіктегілер.
Келтірілген зиянның жалпы сомасы 200 млн теңгеден асады.
Сот компания басшысын екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript