ШҚО-ның ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшыларына қатысты сот үкімі шықты
Сурет: pixabay
Шымкентте ШҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшыларына қатысты үкім шықты. Аудиторлар пара алды, пара берді және парақорлық бойынша делдалдық танытты деп айыпталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
21 қыркүйекте Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Е.З. Мараимовке, камералдық бақылау бөлімінің басшысы А.М. Ағабекке, Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Е.С. Турсунбековке және "Kazprofstroy Holding" ЖШС-ның құрылтайшысы К.К. Кожахметовке қатысты үкім шығарды. Антикор
Жоғарыда аталған адамдар " Kazprofstroy Holding" ЖШС мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жеңімпаз ретінде танылуына ықпал жасау үшін пара алу, беру және парақорлыққа делдал болу деректері бойынша айыпталған.
Сот үкімімен Е.З. Мараимовке қатысты 8 жыл мерзімге, А.Ағабекке қатысты 7 жыл 6 ай мерзімге, К.Кожахметовке қатысты 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Осы үкіммен парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша Е.С. Турсунбековке қатысты 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталғандар мемелекеттік қызметтегі лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырылған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript