Бақтияр Байсейітовқа ақша қаражатын ұрлау ісі бойынша іздеу жарияланды
Сурет: zakon.kz
Антикор "Қаратау" ЖШС ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК АҚ еншілес ұйымы) және "Iri building" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты 2019-2021жылдары Түркістан облысындағы Қаратау кенішінде қызмет көрсету кезінде ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі жалғастырады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу барысында Б. Байсейітов Қ. Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болуын қолдана отырып бақылауындағы компанияны "Iri building" ЖШС лоббилап отырғаны анықталды. "Қаратау" ЖШС кәсіпорны мен квазимемлекеттік сектор субъектісімен 2019 жылы "Қаратау" кеніші бойынша 6,2 млрд теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасасты.
Байсейітов "Iri building" ЖШС қызметін тікелей басқарып, объектінің құрылысына түсетін ақшалай қаражатты бөліп отырған. Бұл ретте жабдықтың бір бөлігі жеткізілмеді, ал оған арналған қаражат заңсыз шығарылып ұрланған. ҚР Сыбайласқа жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Мемлекетке келтірілген залал 320 млн теңгеден асты.
Қазіргі уақытта Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде. Оның заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сараланған және оған іздеу жарияланды.
Аталған адамның өзге де қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Оның ықтимал орналасқан жері туралы ақпараты бар тұлғаларды агенттіктің мына телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз: Call-орталық 1424, +7 (7172) 909 260. ҚР Сыбайласқа жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі
Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған. Антикор құпиялылыққа кепілдік берілетінін де баса айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript