Жаңалықтар тізбегі
0

15 млн залал: "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры сотталды

Сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2022 21:01 Сурет: pixabay
2022 жылғы 13 желтоқсанында Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы "Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры Асқар Бекпағанбетовтың ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот үкімімен Асқар Бекпағанбетов мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Осы үкіммен "Теплоэнергомонтажстрой" ЖШС кәсіпорындарының басшылары Рүстем Зиннатуллин мен "АлатауСтрой-2009" ЖШС Төлеген Тұрлұғұлов мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қостанай жылу энергетикалық компаниясы" КМК директоры Асқар Бекпағанбетов лауазымдық өкілеттерін асыра пайдалана отырып, газмазут жанарғыларын жеткізуге "КосДинКом" ЖШС-мен бұрын жасалған шартты заңсыз бұзып, "Теплоэнергомонтажстрой" ЖШС және "Алатаустрой-2009" ЖШС-мен оның бақылауындағы компаниялармен жабдықтарды Қостанай ЖЭО-на жоғары бағамен жеткізуге және монтаждауға басқа шарт жасасып, мемлекетке 15 млн. теңге көлемінде залал келтірді", - делінген Antikor таратқан хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: