Атырауда ТЖМ жоғары лауазымды қызметкері пара алғаны үшін ұсталды
Сурет: Zakon.kz
10 ақпанда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасап.
ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Ерұлан Серікқалиев Өңірілік коммуникациялар қызметіндегі брифингінде айтты.
Ерік Серікқалиев күдіктінің қанша пара алғанын айтпады. Оның айтуынша, ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы кінәні мойындауға байланысты қолданылмаған, ал толығырақ ақпарат кейінірек беріледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript