Алматы әкімдігі 2GIS компаниясымен бірлесіп қаланың көрікті жерлерін картаға енгізді
Сурет: Zakon.kz
Алматының 2GIS картасы 1 желтоқсаннан бастап қаланың басты көрікті жерлері мен мәдениет ескерткіштерімен толықты. Картаға барлығы 71 негізгі құрылыс пен ғимарат енгізілген, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Енді қаланың әрбір тұрғыны мен қонағы 2GIS мобильді қосымшасында көрікті жерлердің, археологиялық орындардың, сәулет ғимараттарының, монументалды өнер құрылыстарының, ансамбльдер мен кешендердің картаға түсірілген тізімін көре алады. Бұл пайдаланушыға көрікті жерлерді табуды жеңілдетеді және қолдануға өте ыңғайлы". Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ғимараттар мен көрікті орындарды көру үшін "Алматының көрікті жерлері" қосымшасын теру немесе мына сілтеме бойынша кіру керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript