2024 жылы Алматыда дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынбақ
Сурет: Алматы әкімдігі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп беру барысында Алматыда мегаполисте қоғамдық көліктің экологиялық түрлеріне толық көшуі бойынша белсенді жұмыс істеліп жатқанын хабарлады. Атап айтқанда 2024 жылы дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынбақ.
2023 жылы қалаға 1 430 бірлік экологиялық көлік жеткізіледі. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен алынған 600 автобус пен 100 троллейбус бар.
"Жеке тасымалдаушылар 730 автобус, оның ішінде 30 электробус сатып алады. Келесі жылдан бастап дизельді автобустарды сатып алуға тыйым салынады", - деді Ерболат Досаев.
Әкімнің айтуынша, осы шаралар қоғамдық көлікті экологияландыру деңгейін биылдың өзінде-ақ 60% және 2025 жылға қарай 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript