Алматыға келетін туристер саны артып келеді

Алматыға келетін туристер саны артып келеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2023 00:45 Сурет: unsplash
Туристік көрмелер мен фестивальдар 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында туристер ағынын 25,5% арттыруға көмектесті

Алматыда жыл сайын қаланы туристік дестинация ретінде ілгерілету жоспарлы жұмысы атқарылады. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасы "Орталық Азия елдерінде туризмді дамыту" тақырыбы аясында хабарлады. Соның арқасында бірінші жартыжылдықтағы туристер санының жалпы динамикасы 25,5% өсті.

Мысалы:

  • Сәуір айында қалада Орталық Азиядағы ең ірі KITF-2023 "Туризм және саяхат" туристік көрмесі өтті. Оған туризм саласының 2 мың өкілі, әлемнің 22 елінен 200 компания қатысты. Көрмеге 4,1 мыңнан астам адам келді. 
  • 29 қыркүйектен 2 қазанға дейін "Mount-Fest" тау туризмі фестивалі өткізілді, оған 1800-ден астам адам қатысты. Тау туризмін дамыту бойынша спорттық іс-шаралар мен форум ұйымдастырылды.
  • 10 қазанда 11 халықаралық сарапшылардың қатысуымен "Тұрақты қонақ үйлер туристік брендтің негізі" тақырыбында VI қонақ үй форумы өтті.
  • Ал 4-5 қарашада халықаралық деңгейдегі аспаздар мен food-блогерлердің қатысуымен гастрономиялық туристік фестиваль ұйымдастырылып, оған 15 мыңнан астам қатысты.

Еске салсақ, 27 қарашада WHERETOEAT Kazakhstan алғашқы мейрамхана сыйлығы өтеді.

"Сонымен қатар Алматының туристік компаниялары халықаралық бейіндік көрмелерге, роуд-шоу форматындағы іс-шараларға қатысады. Онда туристерді қабылдау бойынша әлеуетті және қазіргі серіктестермен B2B кездесулер өткізеді. Биыл жақын және алыс шет елдердің қалаларында 8 Road-show өтті", - делінген туризм басқармасының хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: