Биылғы 11 айда отандық авиакомпаниялар 12 млн 300 мың жолаушы тасымалдады

Биылғы 11 айда отандық авиакомпаниялар 12 млн 300 мың жолаушы тасымалдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 16:01 Сурет: Zakon.kz
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 23% жоғары (2022 ж. 11 айы – 10 млн.). Бұл туралы үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

Жыл қорытындысы бойынша аталған көрсеткішті 13 миллионға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Әуежайларда қызмет көрсету көлемі 25% артып, 24 млн жолаушыға жетті (2022 ж. 11 айы – 19,2 млн. жолаушы).

Айтарлықтай өсім Алматы және Астана әуежайларында байқалады. Оларда биыл тиісінше рекордтық 9 млн (+34%) және 7 млн жолаушыға (+26%) қызмет көрсетілді.

Сонымен қатар әуежайларда өңделген жүк көлемі де ұлғайып, жыл басынан бері көрсеткіш 130 мың тонна болды, яғни өсім 16%.

Ішкі авиатасымалдауды 5 қазақстандық тасымалдаушы жүзеге асырады. Аптасына 644 рейс орындалады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7% артық.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: