Алматыдағы жаңа әуежайдың құрылысы жазда аяқталады

Алматыдағы жаңа әуежайдың құрылысы жазда аяқталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 16:19 Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің сөзінше, әуе тасымалына өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жалғасып жатыр.

"2024 жылдың наурыз айында Шымкент, мамыр айында Қызылорда және маусым айында Алматы қалаларындағы жаңа әуежай жолаушылар терминалдарының құрылысы аяқталады. Аталған жұмыстарға 150 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды", - деді министр.

Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде Алматы қаласы әуежайының өткізу қабілеті 5 есе (2,5 миллионнан 14 млн жолаушыға дейін), Қызылорда әуежайы – 6 есе (300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін) және Шымкент – 7 есе (800 мыңнан 6 млн жолаушыға дейін) ұлғаяды.

Сонымен қатар келесі жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторы астаналық әуежайдың ұшу-қону жолағын өз қаражаты есебінен реконструкциялауға кіріседі. Бұл жаңа басқарушы компанияның алдына қойылған бірінші кезектегі міндеттердің бірі болмақ. 2024 жылы мемлекет басшысының тапсырмасына сай Павлодар қаласы әуежайының ұшу-қону жолағын және Балқаш қаласы әуежайының перроны мен рульдеу жолағын реконструкциялау басталады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: