Алматыда Түргеннен Қаскелеңге дейін тау кластері құрылады

Алматыда Түргеннен Қаскелеңге дейін тау кластері құрылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2023 14:31 Сурет: Алматы әкімдігі
2023 жылдың 9 айында Алматыда туристер саны 17,4% өсіп,1,5 млн адамнан асты. Соның ішінде шетелдік туристер – 1,5 есе.

2023 жылдың соңына дейін туристердің саны 2 млн адамға дейін артады деп болжанған. Бұл деректерді Алматы әкімі Ерболат Досаев Астанада өткен ОКҚ брифингінде айтты. Ол Алматы экономикасын одан әрі әртараптандыру үшін туризмді дамыту үлкен рөл атқарады деді.


"Бұл ретте мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Алматы агломерациясы шеңберінде Түргеннен Қаскелеңге дейінгі тау кластерін дамытудың негізгі тәсілдері айқындалды. Туристердің қызығушылығын ояту үшін 6 орын мен тартымды жерді қосу көзделеді. Олар: Қаскелең мен Түрген шатқалдары, Үлкен Алматы көлі, Медеу-Шымбұлақ, Талғар-Есік, Ақ-бұлақ", - деп бөлісті Ерболат Досаев.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: