Қазақстан әуежайларындағы VIP залдың қызметін қолданатын тұлғалардың тізімі кеңейеді
Сурет: Zakon.kz
Көлік министрлігі Қазақстан әуежайларында арнайы бөлінген залдың қызметін қолданатын тұлғалардың тізбесіне толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осылайша, әуежайлардағы VIP залдардың қызметін қолданатын тұлғалардың тізімі "Алтын Қыран" орденінің және "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының иегерлерімен толықтырылады.
Барлығы тізімге 46 лауазымды тұлға кіреді, оның ішінде:
- Президент
- Премьер министр
- Парламент сенатының төрағасы
- Парламент мәжілісінің төрағасы
- Мемлекеттік кеңесшісі
- Президент әкімшілігінің басшысы
- Конституциялық соттың төрағасы
- Жоғарғы соттың төрағасы
- Ұлттық банк төрағасы
- Орталық сайлау комиссиясының төрағасы
- Премьер-министрдің орынбасарлары
- Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
- Бас прокурор
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
- Жоғарғы есеп сотының төрағасы.
- Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың әкімдері
- Қазақстанның саяси партиялардың жетекшілері.
- ҚР президентінің отбасы мүшелері.
- ҚР президентінің жеке қонақтары.
- Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшылары және т.б.
Құжат 10 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript