Жаңа жыл мерекесінде пойыздар 9 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады

Жаңа жыл мерекесінде пойыздар 9 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.01.2024 14:28 Сурет: rail-news.kz
Жолаушылардың жайлылығы мен мерекелік демалыс күндері сапарлаушылардың тасымалдауға деген сұранысын қанағаттандыру үшін ҚТЖ қосымша пойыздар мен тіркеме вагондар есебінен ресурс жұмылдырып, 30 мың орын дайындаған.

Олар негізінен ауа-райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы тоқтатылған елді мекендерден жолаушыларды шығару үшін тағайындалды. Қар басқан аудандардан 9 мыңнан астам жолаушы эвакуацияланған.

Биыл 2 қаңтарда Көкшетау, Бурабай курорты, Атбасар, Павлодар бағытында 4 қосымша қала маңы пойызы іске қосылды. Жолаушыларға қосымша 1300 орындық ұсынылды.

"Жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсетуге арналған вокзалдар штат режимінде жұмыс істеп отыр. Еліміздің вокзалдарында 600-ден астам кезекші күн сайын жолаушыларды пойыздар қозғалысы туралы және барлық өзгеріс пен толықтыру туралы хабардар етеді. Жолаушыларды вагондарға қауіпсіз мінгізу/вагондардан түсіру ұйымдастырылып отыр". "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі

Тәулік бойы теміржол инфрақұрылымындағы қар күреліп жатыр. 29 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін темір жолдардан 36 мың текше метрден астам қар шығарылып, 12,9 мың шақырым жол тазартылды. 

Жолаушыларға арналған бірыңғай телефон анықтамалық қызметі (1433) мереке күндері үзіліссіз жұмыс істеді. 29 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін 20,6 мыңнан астам өтініш түсті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: