New york times Алматыны 2024 жылғы ең үздік туристік бағыттар тізіміне енгізді

New york times Алматыны 2024 жылғы ең үздік туристік бағыттар тізіміне енгізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2024 17:55 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
The New York Times жаңа жылда көруге болатын әлемдегі 52 орынның дәстүрлі тізімін жариялады. Танымал басылымның нұсқасы бойынша Алматы тізімде 25 орында тұр.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі хабарлады. New york times дедакциясы Алматы туралы былай деп жазған:

"Алматы екі миллион халқы бар Қазақстанның ең ірі қаласы бола тұра, бейбіт, бірақ белсенді шахар әсерін қалдырады. Алматының мәдени орталық ретіндегі мәртебесі оның гастрономиялық өмірінде айқын көрінеді. Ұн, су және етке негізделген "нео-номадтар" асханасы гипер-заманауи стильде ұсынылған; оны AUYL немесе TÖR ресторандарында көре аласыз. Lanzhou Noodle мейрамханасы қытай тағамдарын, ал Sensilyo Coffee немесе JumpinGoat кафелері - керемет кофе ұсынады. Көк базардағы жемістер мен жаңғақтарды тамашалаңыз, содан кейін жақында кеңестік дәуірі ғимаратында ашылған үлкен азық-түлік базарындағы PlatformA-ға барыңыз".

Мақала Әулие Вознесенск соборының фотосымен бірге жүреді.

"Қазақстан кейінгі жылдары әлемдегі БАҚ рейтингіне жиі ілігіп келеді және New York Times тізіміне ену туристердің біздің елімізге деген қызығушылығының артып келе жатқанын анық білдіреді", - ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Алматы - бұл рейтингке енген аймақтағы жалғыз қала. Бұған дейін 2017 жылы Қазақстан ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында осы тізімге енген еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: