Қазақстан мен Мысыр арасында қатынайтын рейстер саны аптасына 48-ге дейін өседі

Рейс, Қазақстан, Мысыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.05.2024 11:16 Сурет: ҚР ИИДМ
Астанада Қазақстан мен Мысырдың авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді. қорытындысы бойынша елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 14-тен 48-ге дейін ұлғайтуға уағдаласты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, әрбір тарап үшін рұқсат етілген тармақтарды екіден үшке дейін ұлғайту келісілді.

Сондай-ақ, тағайындалған тасымалдаушылардың саны артты. Мәселен, қазақстандық тарап қолданыстағы Air Astana және SCAT тасымалдаушыларына Fly Aystan әуе компаниясын елдер арасындағы тұрақты рейстерді орындауға тағайындады. Мысыр тарапы

өз кезегінде қолданыстағы EgyptAir, EgyprAirCargo және Air Cairo тасымалдаушыларына RedSea және Nile Air тағайындады.

Сонымен бірге, қол жеткізілген келісімдербойынша екі елдің әуе компаниялары өзаракоммерциялық келісімдер жасай алады.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде екітараптың тағайындалған әуе компаниялары рейстер санын ұлғайтуды және елдер арасындағы ұшугеографиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: