ДСМ ескертуі: Мальдив аралдарында жұқпалы ауру өршіп тұр

ДСМ ескертуі: Мальдив аралдарында жұқпалы ауру өршіп тұр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2024 09:14 Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристтерге Мальдив аралдарының Мале және Хулхумале аймақтарында чикунгунияның өршуі туралы ескертпе жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, Чикунгунья – адамға масаның шағуы арқылы жұғатын "чикунгунья" вирусынан туындаған ауру. Африка, Америка, Азия, Еуропа, Кариб теңізі, сондай-ақ Үнді және Тынық мұхиттарын қоса алғанда әртүрлі елдерде бұл ауру өршіп тұр.

Чикунгунья белгілері ауру жұқтырған маса шаққаннан кейін 3-7 күн өткен соң білінеді. Ең көп таралған белгілері – қызба және буын ауруы. Бас ауруы, бұлшықет ауруы, буындардың ісінуі немесе бөртпе сияқты басқа белгілері де болуы мүмкін.

Өте ауыр аурудың қауіп тобына жаңа туған нәрестелер, босану кезінде инфекция жұқтырғандар, егде жастағы адамдар (65 жастағы және одан жоғары) және жоғары қан қысымы, қант диабеті немесе жүрек ауруы сияқты аурулары бар адамдар жатады.

Осыған байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы саяхат жасау кезінде инфекциялардан қорғану үшін келесі ұсынымдарды ұсынады:

Жәндіктерге қарсы тіркелген құралдарды қолданыңыз.

Келесі белсенді ингредиенттері бар репелленттерді таңдаңыз:

  • ДЭТА (DEET)
  • Пикаридин немес икаридин
  • ИР3535
  • Лимон эвкалипт майы (OLE)
  • Пара-ментан-диол (PMD)
  • Егер сіз күннен қорғайтын кремді қолдансаңыз, күннен қорғайтын кремнен кейін үнемі жәндіктерге қарсы құралды жағып алыңыз.
  • Ұзын жеңді жейделер мен ұзын балақты шалбар киіңіз.
  • Киім мен керек жабдықтарға перметрин (маса сияқты жәндіктерді және басқа да жәндіктерді өлтіретін немесе үркітетін инсектицид) себіңіз.
  • Перметрин бар өнімдерді теріге жақпаңыз.
  • Кондиционері немесе терезелері мен есіктерінде москит торлары бар қонақүйді немесе тұрғын үйді таңдаңыз.
  • Егер сіз кондиционері немесе терезелері мен есіктерінде москит торлары бар жерде қала алмайтын болсаңыз немесе көшеде ұйықтайтын болсаңыз, москит торын пайдаланыңыз.
  • Егер сіз көшеде болсаңыз, москит торын құрып ұйықтаңыз. Есіңізде болсын! Масалар күндіз-түні шағуы мүмкін.
  • Перметринмен өңделген москит торлары өңделмеген торларға қарағанда көбірек қорғайды.

Нәрестелер мен балаларға арналған жәндіктерге қарсы репелленттер бойынша кеңестер:

  • Балаңызға қолы бен аяқтарын жауып тұратын киім кигіңіз.
  • Арбасы мен балаларды тасымалдайтын құралдарды москит торымен жауып қойыңыз.
  • Заттаңбадағы нұсқаулықтарды үнемі қадағалаңыз.
  • Қолыңызға, көзіңізге, аузыңызға, кесілген жерлеріңізге немесе тітіркенген теріңізге репеллент жағыңыз.
  • Баланың бетін шағудан қорғау үшін қолыңызға репеллент шашып, содан кейін балаңыздың бетіне жағу керек.
  • 3 жасқа дейінгі балаларға құрамында лимон эвкалипт майы (OLE) немесе параментандиол (PMD) бар өнімдерді қолданбаңыз.

Егер сізді маса шағып алса, шаққан жерді қасымаңыз және қышуын басу үшін қышуға қарсы немесе антигистаминді крем жағыңыз.

Саяхаттан кейін: егер сіз саяхаттап, өзіңізді нашар сезінсеңіз, әсіресе ыстығыңыз көтерілсе, дәрігермен сөйлесіп, оған саяхаттауға барғаныңыз туралы айтыңыз.

29 мамырда көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті экваторлық-тропикалық климаты бар елдерде жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуы туралы ескертті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: