Шенген визасы 12% қымбаттады

Еуропа, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2024 22:47 Сурет: senate.parlam.kz
Шенген визасының ақысы өсті. Еуропаға сапарлағысы немесе жұмыспен барғысы келетін қазақстандықтар үшін виза 12 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Шенген визасы ересектер үшін 80-нен 90 еуроға өсті. Ал балалар бұған дейін визаны 40 еуроға рәсімдесе, енді оның құны 45 еуро болды.

Еурокомиссия бекіткен жаңа тариф 11 маусымнан бастап күшіне енеді.

Бұған Еуроодақ елдеріндегі инфляция әсер еткен. Дегенмен ресми Брюссель визалардың ішінде ең қолжетімдісі Шенген екенін атап өтіпті. Мәселен Америка Құрама Штаттары, Аустралия мен Ұлыбритания визалары адам басына 130 еуродан басталады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: