Камчаткада туристер 15 шақырым бойы шаршаған итті көтеріп алып жүрді

Камчаткада туристер 15 шақырым бойы шаршаған итті көтеріп алып жүрді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2024 14:52 Сурет: pxhere
Камчаткада ит серуендеу кезінде қатты шаршағаны соншалық, туристер көрпелерден зембіл жасап, 15 шақырым бойы оны көтеріп алып жүрген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсерлі бейне "Мир отдыха и туризма Камчатка" Telegram арнасында жарияланды.

Белгілі болғандай, бір топ туристер өздерімен бірге итті мұздық көгілдір көлдерге серуендеуге алып барған.

"Алдымен ит серуендегеніне риза болып, жүгіріп жүрген. Камчатканың сұлулығына туристтерден кем тағқалмаса керек. Алайда қайтар жолда шаршап, ағаштың түбіне жатып алды. Туристтердің қозғалысты жалғастыру туралы ұсынысына өте қайғылы көзқараспен жауап берді. Осылайша, олар көрпелерден зембіл жасап, шаршаған итті 15 шақырым бойы көтеріп келді",- делінген жазбада. 

Айта кету керек, екі жаққа баратын маршруттың ұзындығы шамамен 30 км құрайды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: