Әлихан Смайылов жеткіліктілік шегінің артуына қатысты пікірін білдірді
Сурет: primeminister.kz
Үкіметте премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов БЖЗҚ қабылдаған жеткіліктілік шегін арттыру туралы шешімнің объективтілігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz
Смайылов бұл мәселені премьер-министрдің басқа орынбасары қарайтынын ескерте келе, жеке пікірін білдіріп өтті.
Мұндағы жағдай қандай. Ешкім арнайы шешім қабылдаған жоқ. Бұл жыл басында қабылданған ең төменгі жеткіліктілік шегін есептеу әдістемесінде болды.Әлихан Смайылов
Әлихан Смайыловтың айтуынша, төменгі жеткіліктілік шегі ең төменгі жалақыға байланған. Смайлов бұл әдістемені дұрыс деп есептейтінін де айтып өтті.
Өздеріңіз білетіндей, ең төменгі жалақы көбейді, бұл дұрыс та. Соның нәтижесінде жеткіліктілік шегі де артты. Ең төменгі жалақы 41 пайызға өсті, бұл жеткіліктілік шегінің де өсуіне әкеп соқты. Жеткіліктілік шегінің өсуі қандай да бір сомалардың қолжетімсіз болатынын білдіреді.Әлихан Смайылов
3 желтоқсан күні БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін арттырып жіберген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript