Жаңалықтар тізбегі
0

Мырзағалиев Қазақстанда АЭС салу қажеттігін айтты

АЭС, ҚР Энергетика министрлігі, Үлкен ауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2021 14:17 Сурет: pixabay
«Самұрық-Қазына» АҚ-да жобалық топ ұйымдастырылды. Ол АЭС салу алаңын таңдау, технологиялар, қуаттылық және қалдықтарды сақтау мәселелерін шешуі тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте энергетика министрі М. Мырзағалиев айтты, деп хабарлай Zakon.kz тілшісі
Биыл электр қуатының тапшылығына куә болдық, электр қуатын импорттауға мәжбүр болдық, Ресейден жоспарсыз ағындар болды. Біз 2035 жылға дейінгі электр энергиясын тұтыну мен өндіру балансын жасадық. Халқымызды, экономикамызды электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін атом электр станциясын салу қажеттігін анық көріп отырмыз. Қазақстан Республикасының энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев

Оның айтуынша, кез келген станцияны және бірінші кезекте, атом электр станциясын салу тез арада шешілетін мәселе емес. Бұл орта есеппен 10 жылға дейін созылуы мүмкін.

Расында, бұл мәселе 2013 жылдан бері, яғни сегіз жылдан бері айтылып келеді. Осы уақыт ішінде сейсмикалық қасиетіне, желілері сияқты инфрақұрылымына және тұтынуына қарай әртүрлі жер учаскелері зерттелді. Енді қысқа тізімде екі орын бар. Бірі – Алматы облысындағы Үлкен ауылы, екіншісі – Курчатов қаласы. Олар сейсмикалық жағынан қолайлы. Үлкен ауылы инфрақұрылымның қолжетімділігі тұрғысынан қызығырақ, басымырақ, өйткені мұнда 500 киловольттық «Солтүстік-Оңтүстік» электр желісі бар. Сонымен қатар, Үлкен ауылы біздің негізгі тұтынушыларымызға жақын орналасқан – бұл оңтүстік өңір. Энергетика министрлігінің басшысы

Бірақ, оның айтуынша, атом электр станциясын салу алаңы туралы түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

Бұл жұмыс басталып кетті, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жобалық топ ұйымдастырылды, ол барлық тиісті зерттеулерді жүргізеді. Бұл топтың алдында тек учаскені ғана емес, сонымен қатар технологияларды, қуаттылықты, қалдықтарды сақтауды анықтау міндеті тұр. Бұл – басталып кеткен күрделі жұмыс.Мағзұм Мырзағалиев

Кейін ол Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, қауіптіліктің 1-санатына жататын кез келген жоба қоғамдық тыңдаудан өтуі керегі туралы айтты. Ол құрылыс басталғанға дейін өтуі керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: