Мырзағалиев Жаңаөзендегі жағдайға қатысты өздерінің қалай әрекет еткенін айтты
Мырзағалиевтің айтуынша, оның орынбасары мәселенің қолайлы шешімін қабылдау үшін жанар-жағармай құю стансаларының басшыларымен кездесті.
Министр өзіндік ұстаным әбден тезден өткізіліп, жасақталғаннан кейін жұртшылыққа түсініктеме берілгенін айтты.
Желілер өздерінің әлеуметтік міндеттері аясында өз маржаларымен бөлісуге дайын екендігі туралы тиісті келісімін берген соң ғана кездесу болды. Жаңаөзен халқымен түскі астан кейін кездесу ұйымдастырылды. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев
Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов жаңа өзгерістерден нарықтың барлық қатысушылары құлағдар болды: газ желісі ұйымдары мен жанар-жағармай құю станцияларына дейін.
Бұл процесс белсенді талқыланып, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирден таратылды. Сонымен қатар, бұл арада белгілі бір кемшіліктің орын алғанын атап өткен жөн. Оны жасырудың қажеті қанша, адамдар жанармай бекеттеріндегі таблодан баға белгілерін көргенде ғана қымбатшылық орын алғанын білді.Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов
Олжас Байділдинов бағаның екі есе өскені туралы сыбысқа қатысты да пікір білдірді. Оның айтуынша, өңірде 1 литр 60 теңге деген баға мүлде болмаған. Жалпы еліміз бойынша жазда отын бағасының бір литрі 80-85 теңгені құраған болатын.
Нарықты ырықтандыра бастағалы бағалар біртіндеп өсіп отырды, қызығушылық танытқандар сарапшылардың барлығы соңында осы бағаға әкеліп соғатын болжамын тауып, оқи алады. Сондықтан жаңа жылда бағалар кенеттен екі есе өсті деген ақпарат, жалпы дұрыс емес. Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов
ОКҚ-да өткен брифингте ведомство басшысы сұйытылған газ бағасын реттеу бойынша қабылданған шараларға да кеңінен тоқталды.