Қазақстанда ішкі нарыққа арналған сұйытылған газдың шекті бағасы бекітілді
Фото: Zakon.kz
ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушысы 2022 жылғы 9 қаңтардағы бұйрығымен республикамыздың ішкі нарығына электрондық сауда алаңдарынан тыс тасымал жоспары бойынша жеткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz
"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс тасымалдау жоспары шеңберінде жеткізілетін сұйытылған мұнай газының 2022 жылғы 1 қаңтардан 31 наурызға дейінгі кезеңге арналған шекті бағасы, қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тоннасы 28 000 теңге мөлшерінде бекітілсін", – делінген құжатта.
Бұйрық 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты қолданылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript